https://sputnik.kz/20220318/resey-zhospar-putin-23633243.html
Ресей барлық жоспарын жүзеге асырады – Путин
Ресей барлық жоспарын жүзеге асырады – Путин
Sputnik Қазақстан
Владимир Путин Қырымның Ресейге қосылғанына сегіз жыл толуына орай ұйымдастырылған митинг-концертте сөз сөйледі 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T20:05+0500
2022-03-18T20:05+0500
2022-05-16T16:25+0500
ресей
владимир путин
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23632390_0:0:3327:1871_1920x0_80_0_0_28f2ec9d9ce200b5cd71468cc6cc265a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ресей Қырым мен Севастопольді көтеру үшін көп нәрсе істеді, оларды Украинаның құрамынан шығаруға тура келді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин "Лужники" стадионында.Ресей президентінің пікірінше, қырымдықтар мен севастопольдіктер неонацистер мен шектен шыққан ұлтшылдардың жолына тосқауыл қойып, дұрыс қадам жасаған. Өйткені басқа аумақтарда болған және әлі де болып жатқан оқиғалар осының айқын дәлелі, дейді ол.Путин Украинадағы әскери операцияға аттанған ресейлік әскерилер ерлік көрсетіп жатқанын атап өтті."Мәселе мынада, бірлік – Ресейдің барлық халқы мен барлық конфессиясы өкілдері үшін, біздің халқымыз үшін әр жақты құндылық. Ал осы әскери операция кезінде біздің жігіттеріміздің қалай күресіп жатқаны, қалай иық тіресе әрекет етіп жатқаны мұның ең жақсы дәлелі болмақ", - деп атап өтті Ресей басшысы.Ресей өзінің барлық жоспарын міндетті түрде жүзеге асырады, деді Ресей президенті Владимир Путин."Біз бұдан әрі не істеу керектігін, оны ненің есебінен, қалай жасау керектігін білеміз. Және біз алға қойылған барлық жоспарды міндетті түрде орындаймыз", - деп түйіндеді Путин.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23632390_114:0:2845:2048_1920x0_80_0_0_30cc25b2855d5db8bc240e0947f6b4e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, владимир путин
Ресей барлық жоспарын жүзеге асырады – Путин
20:05 18.03.2022 (жаңартылды: 16:25 16.05.2022) Владимир Путин Қырымның Ресейге қосылғанына сегіз жыл толуына орай ұйымдастырылған митинг-концертте сөз сөйледі
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ресей Қырым мен Севастопольді көтеру үшін көп нәрсе істеді, оларды Украинаның құрамынан шығаруға тура келді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин "Лужники" стадионында.
Ресей президентінің пікірінше, қырымдықтар мен севастопольдіктер неонацистер мен шектен шыққан ұлтшылдардың жолына тосқауыл қойып, дұрыс қадам жасаған. Өйткені басқа аумақтарда болған және әлі де болып жатқан оқиғалар осының айқын дәлелі, дейді ол.
"Осы уақыт ішінде Ресей Қырым мен Севастопольді көтеру үшін көп нәрсе істеді. Жай көзге бірден көрінбейтін шаруалармен айналысуға тура келді. Олар іргелі сипатқа ие: газбен жабдықтау, энергиямен қамтамасыз ету, коммуналдық шаруашылық, жол желісін қалпына келтіру, жаңа жолдар, күрежолдар мен жаңа көпірлер салу жұмыстары атқарылды", - деді ол.
Путин Украинадағы әскери операцияға аттанған ресейлік әскерилер ерлік көрсетіп жатқанын атап өтті.
"Мәселе мынада, бірлік – Ресейдің барлық халқы мен барлық конфессиясы өкілдері үшін, біздің халқымыз үшін әр жақты құндылық. Ал осы әскери операция кезінде біздің жігіттеріміздің қалай күресіп жатқаны, қалай иық тіресе әрекет етіп жатқаны мұның ең жақсы дәлелі болмақ", - деп атап өтті Ресей басшысы.
Ресей өзінің барлық жоспарын міндетті түрде жүзеге асырады, деді Ресей президенті Владимир Путин.
"Біз бұдан әрі не істеу керектігін, оны ненің есебінен, қалай жасау керектігін білеміз. Және біз алға қойылған барлық жоспарды міндетті түрде орындаймыз", - деп түйіндеді Путин.