Экономика

Теңге бағамы нығайып жатыр

Доллар таңертеңгі сауда бойынша үш теңгеге арзандады
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 506,31 теңгені құрады.
16 наурызда кешке доллардың орташа өлшемді бағамы 509 теңге болды. Ұлттық валюта екі күннен бері нығайып жатыр.
Сәрсенбі таңертең доллар төрт теңгеге, бүгін тағы 2,69 теңгеге арзандады.
Kurs.kz порталы мәліметі бойынша айырбастау пунктері долларды 507-508 теңгеден сатып алып, 512-513 теңгеден сатады.
Тоқаев теңге бағамы туралы айтты