Экономика

Теңге бағамы нығайып жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге мен доллар
Теңге мен доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Доллар таңертеңгі сауда бойынша үш теңгеге арзандады
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 506,31 теңгені құрады.
16 наурызда кешке доллардың орташа өлшемді бағамы 509 теңге болды. Ұлттық валюта екі күннен бері нығайып жатыр.
Сәрсенбі таңертең доллар төрт теңгеге, бүгін тағы 2,69 теңгеге арзандады.
Kurs.kz порталы мәліметі бойынша айырбастау пунктері долларды 507-508 теңгеден сатып алып, 512-513 теңгеден сатады.
Доллар, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Тоқаев теңге бағамы туралы айтты
Жаңалықтар
0