Қоғам

Министр ХҚКО-ға жасырын барғанда не болғанын айтты

Бұған дейін ол мамандандырылған ХҚКО-ға құпия сатып алушымен бірге барып, бәрін видеоға түсірген болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ХҚКО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бойынша кезекті эксперимент жүргізді.

"Операторлардың жұмысы мен кезегін бақылап отырмын. Операторлар бір нәрсені талқылап жатыр. Әзірге кезек тұр, жақын маңдағы адамдар анықтаманы тез алғанына таңғалды", – деп жазды Бағдат Мусин Instagram-дағы стористе.

Бұған дейін ол мамандандырылған ХҚКО-ға құпия сатып алушымен бірге барып, бәрін видеоға түсірген. Министр қызметкерлер өзін танып қоймас үшін көзілдірігін де шешіп тастаған еді.
Мамандандырылған ХҚКО-да Мусин жүргізуші куәлігін алу процесінде олқылықтарды байқады.
Былтыр шілдеде министр Ақтау ХҚКО-да кеңесші болып жұмыс істеді. Ол келушілермен сөйлесіп, қандай да бір мемлекеттік қызмет алу кезінде тап болатын проблемаларды сұрады.
Қоғам
Министр Аймағамбетов оқушыдан балағат сөз естіген мұғалімге телефон соқты