Қоғам

Министр Аймағамбетов оқушыдан балағат сөз естіген мұғалімге телефон соқты

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Жазылу
Аймағамбетов білім министрлігі тарапынан мұғалімдерге деген мұндай қарым-қатынастың жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылданатынын ескертті
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Талдықорғанда мектеп оқушысынан балағат сөз естіген мұғалімге қолдау білдірді.
"Отандастарым сияқты мен де Талдықорғандағы №4 орта мектепте түсірілген мұғалім мен оқушы арасындағы жағдай туралы видеоны көрдім. Әрине, оқушының ұстазға дауыс көтеріп сөйлегені көңілімді түсірді. Қай заманда болмасын азаматтарымыз үлкендерге, әсіресе ұстаздарға құрметпен қарайтын, оларды сыйлайтын. Үлкенді сыйлау, отбасы құндылығы, адалдық, инабаттылық, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, заңға бағыну және отансүйгіштік болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізі болуы керек", - деп жазды Аймағамбетов Telegram-да.
Министр бүгін №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлескенін, ол білім саласында 11 жыл қызмет ететінін айтты.
"Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім", - деді Аймағамбетов.
Оқушы мен ата-анасына қатысты заңнамаға сәйкес шара қабылданады. Әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Енді шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды.
"Өз тарапымнан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынымызды ескертемін. Қоғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек. Бұған дейін оқушыға психологиялық көмек көрсету және оны есепке қою туралы мәселе қаралатынын хабарлаған болатынбыз", - деді ведомство басшысы.
Сыныптағы оқушы үстелі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Талдықорғанда оқушыдан балағат сөз естіген мұғалім полицияға арызданды
Министр бұл мәселеде ата-ана мен мектептің бірлесе жүргізетін тәрбие жұмысы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Аймағамбетов балаларды үлкендерге, әсіресе қоғам дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға құрметпен қарау сияқты қасиеттерге баулуға шақырды.

Талдықорғандағы жанжал

Атышулы оқиға Талдықорғанда 11 наурыз күні болды.
Биология сабағында 2005 жылғын оқушы мұғалімге дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арызданған.
Қазір оқушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетері, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеті үшін ата-анасының жауапкершілігі қарастырылған. Осы жағдайға байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады.
Жаңалықтар
0