Баспана бағасы қымбаттай ма – Серік Жұманғарин жауап берді

Тұрғын үй нарығындағы жағдай қазіргі экономикалық жағдайға және қазақстандықтардың сатып алу мүмкіншілігіне тікелей байланысты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тұрғын үй бағасы қатты өседі деп болжанып отырған жоқ. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.
"Баға қатты өседі деп ойламаймын, өйткені бұл қалай болғанда да халықтың сатып алу мүмкіншілігіне байланысты", - деді Жұманғарин мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап беріп.
Дегенмен ол 2021 жылы монополияға қарсы ведомство мен құрылыс компаниялары арасында жасалған меморандумға байланысты тұрғын үй бағасы 3-20% төмендегенін еске салды.
"Нарықтағы жағдай қазіргі экономикалық жағдайға байланысты болады, өйткені азаматтарды сыртқы нарықта болып жатқан оқиғалар алаңдатып отыр. Тұрғын үй – олардың жинағы үшін қаражат салынатын табиғи орын. Сондықтан біз осы мәселеге мониторинг жүргіземіз", - деп уәде берді Серік Жұманғарин.
Құрылыс материалдары нарығында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Бүгін біз тексеріс жүргізіп жатырмыз. Айталық, арматура –құрылыстағы айтарлықтай маңызды материал. Қазір "АрселорМиттал Теміртауды" тексеріп жатыр. Өткен аптада ғана бірнеше цемент зауытына қатысты тексеріс аяқталды. Мен кірпіш өндірушілерге қатысты келісім комиссиясын өткіздім. Бұл нарықты тұрақты бақылауда ұстап отырмыз", - деді ведомство басшысы.