https://sputnik.kz/20220317/baspana-baga-serik-zhumangarin-23594562.html
Баспана бағасы қымбаттай ма – Серік Жұманғарин жауап берді
Баспана бағасы қымбаттай ма – Серік Жұманғарин жауап берді
Sputnik Қазақстан
Тұрғын үй нарығындағы жағдай қазіргі экономикалық жағдайға және қазақстандықтардың сатып алу мүмкіншілігіне тікелей байланысты 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T14:32+0500
2022-03-17T14:32+0500
2022-03-17T14:32+0500
баспана
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_0:191:2961:1857_1920x0_80_0_0_5a0ada4fc461e0a0e6e93f2e994c58e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тұрғын үй бағасы қатты өседі деп болжанып отырған жоқ. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.Дегенмен ол 2021 жылы монополияға қарсы ведомство мен құрылыс компаниялары арасында жасалған меморандумға байланысты тұрғын үй бағасы 3-20% төмендегенін еске салды."Нарықтағы жағдай қазіргі экономикалық жағдайға байланысты болады, өйткені азаматтарды сыртқы нарықта болып жатқан оқиғалар алаңдатып отыр. Тұрғын үй – олардың жинағы үшін қаражат салынатын табиғи орын. Сондықтан біз осы мәселеге мониторинг жүргіземіз", - деп уәде берді Серік Жұманғарин.Құрылыс материалдары нарығында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр."Бүгін біз тексеріс жүргізіп жатырмыз. Айталық, арматура –құрылыстағы айтарлықтай маңызды материал. Қазір "АрселорМиттал Теміртауды" тексеріп жатыр. Өткен аптада ғана бірнеше цемент зауытына қатысты тексеріс аяқталды. Мен кірпіш өндірушілерге қатысты келісім комиссиясын өткіздім. Бұл нарықты тұрақты бақылауда ұстап отырмыз", - деді ведомство басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_115:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_79a1fee26e24ca1a2cb3ddc98c62f2a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, тұрғын үй
Баспана бағасы қымбаттай ма – Серік Жұманғарин жауап берді
Тұрғын үй нарығындағы жағдай қазіргі экономикалық жағдайға және қазақстандықтардың сатып алу мүмкіншілігіне тікелей байланысты
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тұрғын үй бағасы қатты өседі деп болжанып отырған жоқ. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.
"Баға қатты өседі деп ойламаймын, өйткені бұл қалай болғанда да халықтың сатып алу мүмкіншілігіне байланысты", - деді Жұманғарин мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап беріп.
Дегенмен ол 2021 жылы монополияға қарсы ведомство мен құрылыс компаниялары арасында жасалған меморандумға байланысты тұрғын үй бағасы 3-20% төмендегенін еске салды.
"Нарықтағы жағдай қазіргі экономикалық жағдайға байланысты болады, өйткені азаматтарды сыртқы нарықта болып жатқан оқиғалар алаңдатып отыр. Тұрғын үй – олардың жинағы үшін қаражат салынатын табиғи орын. Сондықтан біз осы мәселеге мониторинг жүргіземіз", - деп уәде берді Серік Жұманғарин.
Құрылыс материалдары нарығында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Бүгін біз тексеріс жүргізіп жатырмыз. Айталық, арматура –құрылыстағы айтарлықтай маңызды материал. Қазір "АрселорМиттал Теміртауды" тексеріп жатыр. Өткен аптада ғана бірнеше цемент зауытына қатысты тексеріс аяқталды. Мен кірпіш өндірушілерге қатысты келісім комиссиясын өткіздім. Бұл нарықты тұрақты бақылауда ұстап отырмыз", - деді ведомство басшысы.