НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түліктің қымбаттап жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Украинадағы жағдай азық-түлік бағасының күрт өсуіне себеп болды. Бәлкім, жақын арада баға барлық абсолютті рекордтан да асып кетуі мүмкін. Сондықтан көктемгі егіс жұмыстарын сапалы түрде өткізу маңызды. Алайда, білуімше, кейбір фермерлер әлі дайын емес", - деді Тоқаев халыққа жолдауында.
Президент үкімет пен әкімдіктерге осы жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды.
"Шаруаларды қажетті жанар-жағармаймен қолайлы бағамен қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, сондай-ақ тұқым мен тыңайтқыш қорын қайта тексеріп шыққан жөн", - деп атап өтті президент.
Бірқатар аймақта жауын-шашынның аз түсуі өнім көлеміне кері әсер етіп, жеп-шөп тапшылығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыны да ұмытпауымыз керек, деді президент.