Қоғам

Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма

Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда екенін айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектің қажетті қоры жасалған. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды.
"Қазір республиканың 8 өңірінде – Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Түркістан облыстарында 5 миллиард теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді", - деді Ажар Ғиният.
Қалған 9 өңірде ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрі-дәрмек қоры жасалған.
Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Денсаулық
Дәрі-дәрмекті таңбалау және бақылау жүйесі енгізіледі - денсаулық министрі
Жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді.