Өңірлер

Ақмола облысында спорт мектебінің үш бапкері жалған дипломмен жұмыс істеген

Үшеуі де Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 наурыз - Sputnik. Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері жалған дипломмен спорт мектебіне жұмысқа орналасқан үш адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 наурызда Целиноград ауданының полиция бөліміне спорт мектебі жаттықтырушыларының жоғары білімі жоқ деген ақпарат түскен. Олар жалған құжатпен жұмыс істеп жүргені айтылған.
"Нұр-Сұлтан қаласының 1980, 1983 және 1995 жылы туған тұрғындары екі жылдай жалған дипломмен жұмыс істеген. Құжатқа сәйкес, олар Қазақ спорт және туризм академиясын "тәмамдаған". Дипломдар 2003, 2009 және 2018 жылдары берілді деп жазылған. Алайда құжаттар жалған екені анықталды", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі ("Жалған құжат, мөр, мөртабан, бланк, пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Бұл баптың санкциясына сәйкес, жоғары білім туралы жалған құжаттарды пайдаланған спорт мектебінің жаттықтырушыларына 160 АЕК (490 080 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Дипломдар айғақ зат ретінде тәркіленді, тергеу жалғасып жатыр.
Экономика
"Бір жылда 5 диплом": Нығматулин жаңа министрге шүйлікті