Қаңтар оқиғасы

19 шетел азаматы қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікке ілінді

Шетелдіктер жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 19 шетелдікке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар қаңтар оқиғаларына қатысты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қаңтардағы оқиғалардан кейін 19 шетелдік азаматқа қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. 11 адам – Өзбекстаннан, төртеуі Ресейден, екеуі Қырғызстаннан және бір Қытай мен бір Тәжікстан азаматы бар", - деді Шалабаев.
Тергеу мәліметі бойынша бұл азаматтар жаппай бүлікке қатысқан, оларға ұрлық жасады деген айып та тағылып отыр.
"Тергеу әлі жүргізіліп жатыр, өзгерістер болуы мүмкін", - деді Шалабаев.
Айта кетері, полиция қаңтардағы оқиғалар бойынша 3 мыңнан астам қылмыстық істі тергеп жатыр, қазірге дейін 278 адам қамауға алынды. Олардың арасында кәмелетке толмағандар жоқ.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтарда билікті кім басып алғысы келді – депутат нақты сұрақ қойды