Ресей Украинадағы арнайы операция жоспарға сай жүріп жатқанын мәлімдеді

Sputnik
Ресей Украинадағы Пентагон мен НАТО-ның бас базасына зымыранмен соққы жасау арқылы батыстағы "серіктестеріне" қатаң ескерту жасап отыр, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
13 наурыздың таңында украин аумағындағы Львов облысының Старичи ауылына жақын орналасқан Пентагон мен НАТО-ның бас базасына зымыран соққы жасалды. Яворов полигонында 180-ге жуық шетелдік жалдамалы әскеридің, натолық және украин әскери нұсқаушыларының, даярлық орталығының және Украинаға Батыс жеткізген қару-жарақ қоймасының көзі жойылды. Бір күн бұрын Черниговта "Украина" қонақ үйіндегі шетелдік содырлардың базасы күл-талқан болды.
24 ақпанда Мәскеу Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша ресейлік арнайы әскери операцияға араласқандарды аямайтыны туралы Вашингтон мен Брюссельге қатаң ескерткен. Алайда АҚШ пен НАТО Киев режиміне қару-жарақ пен қажетті әскери техника жеткізуді және шетелдік жалдамалы әскерилер жасағын құруды тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде Мәскеу украин жеріндегі батыс мамандары мен қару-жарағын нысанаға алды.
Яворов полгионы мен оқу орталығы америкалықтар мен олардың одақтастары үшін Германиядағы АҚШ-тың "Рамштайн" әскери базасымен тең түседі. Старичи ауылында олар 1990-жылдардың ортасынан бастап 25 жыл бойы тұрақтап келді. Мұнда Ирак, Ауғанстан және басқа да соғыс жүріп жатқан аумақтарда НАТО әскерімен өзара әрекеттестік орнатуға арналған украин бөлімшелері дайындалды. Алғашқы "Джавелиндер" мен "Стингерлер" де алдымен осында жеткізілді.
Александр Хроленконың пікірінше, қиратылған нысандарда НАТО келісімімен жеке меншік әскери компаниялардың шетелдік жалдамалы әскерімен оқу-жаттығулар жүргізілген. Бүгінде Яворов оқу орталығындағы полигон және әдістемелік база толығымен жойылып, мыңдаған шетелдік әскери қару-жарақ пунктінен айырылып отыр.
Ресейдің қорғаныс министрлігі жеке меншік әскери компаниялардың жауынгерлерін жоюды жалғастыра беретінін айтып, әсіресе Батыс Украинадағы әскери нысандарды назарға алды. 11 наурызда Луцк пен Ивано-Франковск қаласының маңындағы, Польша мен Словакия шекарасына жақын орналасқан Украина Қарулы күштеріне тиесілі авиабазалар мен басқа да нысандар жойылды.
Украина тарапы таратқан мәлімет бойынша, 13 наурызда Яворов полигонына саны 30-ға жететін ресейлік зымыран ұшып жеткен. Бірақ осы аумақта түсірілген фото мен видео бірнеше жерден ғана соққы жасалғанын дәлелдеп тұр.
Ресей ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салды
The New York Times басылымы соққы жасау сәті мен оның салдары бейнеленген кадрларды таратты. Осы БАҚ тілшісі Дэвид Филлипс Яворов полигонында соққы жасау кезінде америкалық жалдамалы әскерилер болғанын атап өтті. Аман қалған АҚШ Армиясы арнайы жасақ сарбазы Нолан Петерсон 200-ге жуық ерікті әскеридің ішінде ондаған америкалық көз жұмғанын растады.
Сол сияқты, француз "еріктілерінің" арасында біреуі көз жұмып, бірнешеуі жараланған. Украинаға жалдамалы әскер жөнелтумен айналысатын Уго Пеллегрини "Халықаралық легионға" іріктеу тоқтатылғанын мәлімдеді.
Батыста украин жобасы жабылмағанымен, "еріктілер" саны күрт азайды. Себебі ақшаға екінші өмірді сатып ала алмайтындары анық. Ресей Украинадағы жалдамалы әскерилердің көзін жоюда аяушылық танытпайтынын аңғартты.
Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников НАТО-ны әуе қатынасын жабуға шақырды. Украин президенті кеңсесінің жетекшісі Андре Ермак Мемлекеттік департаментке АҚШ әскери базаларын Батыс Украинада орналастыруды ұсынды.
Бірақ Вашингтон Украинадағы әскери іс-қимыл театрына америкалықтарды аттандыруға құлықсыз екенін күн сайын айтып жатыр. 13 наурызда АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Джон Кирби америкалық әскери нұсқаушылар Львов маңындағы Украина Қарулы күштерінің жаттығу орталықтарынан екі апта бұрын кетіп қалғанын мәлімдеді.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан америкалық әскерилер Украинадағы операцияларға қатысып жатпағанын және Ақ үй бұл елге ешкімді аттандырмайтынын айтты. Пентагон Украинада жұмыс істеп тұрған отызға жуық биозерт хананың өзіне тиесілі екені құжат түрінде дәлелденсе де, бұл фактіні мойындамай отыр.
Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша ресейлік арнайы операция жоспарға сай өтіп жатыр, дейді әскери шолушы. Америкалық барлау қызметі украин Бас штабын Украина Қарулы күштерін шығыс аймақта күшейтуді ұсынды. Бірақ күшейтетін әскер жоқ болып отыр. Себебі бұған дейін укриан Бас штабы елдің оңтүстік-шығысындағы ауыр әскери техниканың 70 проценті жойылғанын хабарлаған.
Арнайы әскери операцияның 18 күнінің қорытындысы бойынша Ресей Қарулы күштерінің бөлімшелері Украина аумағының үштен бір бөлігін бақылауға алып, шабуылды жалғастырып жатыр. Украина әскери инфрақұрылымының 3 920 нысаны істен шығарылды. 143 пилотсыз ұшу аппараты, 1 267 танк және басқа да броньдалған машина, 124 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 457 дала артиллериясы мен миномет, 1 028 арнайы әскери техника жойылды. Ресей операциясы күні-түні жалғасып жатыр, деп жазды Хроленко.
Кремль 14 наурызда Ресей билігінің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша барлық жоспары толық көлемде жүзеге асырылатынын кезекті рет ресми түрде растады.