Қаңтар оқиғасы

Меценат қаңтарда қаза тапқан қызметкерлердің отбасына пәтер сыйлады

Өңірде қызметін атқару кезінде қаза тапқан күш органдарының 8 қызметкерінің отбасына 5 миллион теңгеден төленген
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 наурыз — Sputnik. Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына пәтер кілттері табысталды.
1 / 3

Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына пәтер кілттері табысталды

2 / 3

Төрт пәтер де жергілікті кәсіпкер Виктор Лидің қаражатына сатып алынды

3 / 3

Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды

Бір және екі бөлмелі пәтерлердің кілттері жылдам әрекет ету арнайы жасағының жауынгері Дархан Барғанаев, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері Ербол Ержанов, сондай-ақ әскери қызметшілер Ғабдолла Смайлқанов пен Әділ Нұркеновтің әйелдеріне табыс етілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Төрт пәтер де "Хан Тәңірі Development LTD" ЖШС басшысы, жергілікті кәсіпкер Виктор Лидің қаражатына сатып алынды.
"Бастамашы болған және осы игі іске демеушілік жасаған Виктор Лиге алғысымды білдіремін. Сіздің балаларыңыз жаңа шаңырақ астында бақытты өмір сүрсін, ал біз олардың әкелерінің ерлігін есте сақтап, қолдау көрсетуді жалғастырамыз", - деп атап өтті Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кілт тапсыру рәсімінде.
Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуді тапсырды.
Өңірде қызметін атқару кезінде қаза тапқан күш органдарының 8 қызметкерінің отбасына 5 миллион теңгеден төленген. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 12 миллион теңгенің кредитін кешірді.