Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Меценат қаңтарда қаза тапқан қызметкерлердің отбасына пәтер сыйлады

Жазылу
Өңірде қызметін атқару кезінде қаза тапқан күш органдарының 8 қызметкерінің отбасына 5 миллион теңгеден төленген
ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 наурыз — Sputnik. Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына пәтер кілттері табысталды.
© Photo : Пресс-служба акима Алматинской области

Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына пәтер кілттері табысталды

Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына пәтер кілттері табысталды - Sputnik Қазақстан
1/3

Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына пәтер кілттері табысталды

© Photo : Пресс-служба акима Алматинской области

Төрт пәтер де жергілікті кәсіпкер Виктор Лидің қаражатына сатып алынды

Төрт пәтер де жергілікті кәсіпкер Виктор Лидің қаражатына сатып алынды - Sputnik Қазақстан
2/3

Төрт пәтер де жергілікті кәсіпкер Виктор Лидің қаражатына сатып алынды

© Photo : Пресс-служба акима Алматинской области

Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды

Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды - Sputnik Қазақстан
3/3

Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды

Бір және екі бөлмелі пәтерлердің кілттері жылдам әрекет ету арнайы жасағының жауынгері Дархан Барғанаев, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері Ербол Ержанов, сондай-ақ әскери қызметшілер Ғабдолла Смайлқанов пен Әділ Нұркеновтің әйелдеріне табыс етілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Төрт пәтер де "Хан Тәңірі Development LTD" ЖШС басшысы, жергілікті кәсіпкер Виктор Лидің қаражатына сатып алынды.
"Бастамашы болған және осы игі іске демеушілік жасаған Виктор Лиге алғысымды білдіремін. Сіздің балаларыңыз жаңа шаңырақ астында бақытты өмір сүрсін, ал біз олардың әкелерінің ерлігін есте сақтап, қолдау көрсетуді жалғастырамыз", - деп атап өтті Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кілт тапсыру рәсімінде.
Қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетуді тапсырды.
Өңірде қызметін атқару кезінде қаза тапқан күш органдарының 8 қызметкерінің отбасына 5 миллион теңгеден төленген. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 12 миллион теңгенің кредитін кешірді.
Жаңалықтар
0