Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина премьері бизнесмендерді жұмысты жандандыруға шақырды

Денис Шмыгальдың пікірінше, ел экономикасын жаңа шынайылыққа бейімдеу қажет
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Украина премьері Денис Шмыгаль бизнесті жұмысты жандандыруға шақырды. Ол экономиканы жаңа шынайылыққа бейімдеу қажет екенін айтты.
"Әзірге ешкім соғыс ертең бітеді деп айта алмайды. Сол себепті экономиканы жаңа шынайылыққа бейімдеу жеңіс үшін басты негізге айналуға тиіс. Сондықтан барлығына айтарым: кім жұмыс істей алады және кімнің жұмысы бар – жұмыс істеңіздер. Белсенді әскери іс-қимыл жүрмейтін аумақта бизнесі барлар – қызметті жандандырыңыздар. Сіздер экономикалық майданның бір бөлігісіздер", - деді Шмыгаль бейнеүндеуінде.
Ресей 24 ақпанда Украинада әскери операция бастады.
БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының мәліметінше, 7 наурыздағы жағдай бойынша қақтығыс барысында 474 бейбіт тұрғын қаза тауып, 861-і жараланды. Бұл статистикада ДХР және ЛХР аумағындағы адам шығыны да қамтылған. Ол жерде, БҰҰ есебінше, 24 адам көз жұмып, 112 адам зардап шекті. Әскери іс-қимылдар салдарынан Украинаның көптеген қаласы мен ауылында гуманитарлық дағдарыс басталуда.