Өңірлер

Қазақстанның оңтүстігінде өзен суы көтерілуі мүмкін

Республиканың үш облысында өзендерде су деңгейі көтеріледі деген болжам бар
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазгидромет бірнеше өңірде өзен суы деңгейі көтерілетінін ескертті.
"2022 жылғы 13-15 наурыз аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау етегіндегі аудандарында аралас жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамдарына сәйкес баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, ертең, 13 наурызда Алматы қаласында күндіз қатты жаңбыр жауады деген болжам бар.
Ал Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында 13-15 наурыз күндері қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.
Қоғам
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
"13 наурызда оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін барады", - дейді синоптиктер.