Қаңтар оқиғасы

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұялы байланыс дүкенін тонағандар ұсталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурзы – Sputnik. Таразда полицейлер қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде дүкенді тонаған бес адамды ұстады, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Осы жылы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні елде болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз біреулер қаладағы шағын аудандардың бірінде орналасқан ұялы байланыс дүкеніне кіріп, жалпы сомасы 188,5 мың теңге болатын мүлікті тонаған. Олар ұялы телефондар мен смарт-сағаттарды ұрлап әкеткен", - деп жазылған өңірлік полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері жедел іздеу шаралары кезінде бес адамды анықтап, ұстады.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қаңтар оқиғасы
Өкініп, залалды өтеді: Алматыда бүлікке қатысқан 41 адамға үкім шықты