https://sputnik.kz/20220309/almaty-bulik-ukim-23398992.html
Өкініп, залалды өтеді: Алматыда бүлікке қатысқан 41 адамға үкім шықты
Өкініп, залалды өтеді: Алматыда бүлікке қатысқан 41 адамға үкім шықты
Sputnik Қазақстан
41 қылмыстық іс қаралып жатыр, 41 іс бойынша үкім шықты 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T19:02+0500
2022-03-09T19:02+0500
2022-05-23T14:56+0500
алматы
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094832_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_e201ee70f86d81cd88abdd2a092489a1.jpg
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Қазірге дейін Алматы қаласының соттарына қаңтар оқиғаларына байланысты 82 қылмыстық іс түсті. Оның ішінде 41 қылмыстық іс сот актісін шығару арқылы қаралды, тағы 41 іс қаралып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады. Қылмыстық істердің негізгі бөлігі Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі "тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық" бойынша жүріп жатыр. Сондай-ақ кейбір сотталушының ісі Қылмыстық кодекстің 187-бабы "ұсақ ұрлық" бойынша қаралды. Қылмыстық істердің басым бөлігі Алмалы және Әуезов сотында қаралады. Кейбіріне 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен қатар төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Баспасөз қызметі жастар мен жұмыссыздар көбіне қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын атап өтті. "Олар тұрмыстық техника, алкогольді ішімдік, ұялы телефон мен компьютер техникасын ұрлаған", - деді Абай Жарылқасын. Сотталушылар келтірілген залалдың орнын толтырды, сотта олар бұл әрекетін мойындады және өкінді. Алматы трагедиясы Қайғылы оқиға 2022 жылдың қаңтар айының басында болды. Тәртіпсіздіктер сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан басталды. 2 қаңтарда Жаңаөзен қаласында митингі өтіп, артынан Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында оларға қолдау білдірді. Алайда бейбіт митингілер жаппай бүлікке ұласып кетті. Әсіресе одан Алматы қаласы қатты зардап шекті. 5 қаңтарда қарулы адамдар қала орталығын қиратып, қала әкімдігінің ғимараты мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді. Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды. Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094832_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_9f824de4210a22bcbeb58ccfd3c45ce4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәртіпсіздік
Өкініп, залалды өтеді: Алматыда бүлікке қатысқан 41 адамға үкім шықты
19:02 09.03.2022 (жаңартылды: 14:56 23.05.2022) 41 қылмыстық іс қаралып жатыр, 41 іс бойынша үкім шықты
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Қазірге дейін Алматы қаласының соттарына қаңтар оқиғаларына байланысты 82 қылмыстық іс түсті.
Оның ішінде 41 қылмыстық іс сот актісін шығару арқылы қаралды, тағы 41 іс қаралып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады.
Қылмыстық істердің негізгі бөлігі Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі "тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық" бойынша жүріп жатыр.
Сондай-ақ кейбір сотталушының ісі Қылмыстық кодекстің 187-бабы "ұсақ ұрлық" бойынша қаралды.
Қылмыстық істердің басым бөлігі Алмалы және Әуезов сотында қаралады.
"Бұл істер бойынша азаматтар негізінен өз кінәсін мойындайды, жасаған ісіне өкінеді, сондай-ақ келтірілген материалдық залалды өз еркімен өтеді. Сот осы мән-жайларды, асырауында жас бала, қарт ата-анасы бар екенін, алғаш рет қылмыс жасағанын, сондай-ақ оң мінездемелерді ескеріп, пробациялық бақылауды белгілеп, екі жыл бас бостандығын шектеу түрінде ең төменгі ықтимал жазаны тағайындайды", - деді соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Кейбіріне 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен қатар төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Баспасөз қызметі жастар мен жұмыссыздар көбіне қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын атап өтті.
"Олар тұрмыстық техника, алкогольді ішімдік, ұялы телефон мен компьютер техникасын ұрлаған", - деді Абай Жарылқасын.
Сотталушылар келтірілген залалдың орнын толтырды, сотта олар бұл әрекетін мойындады және өкінді. Алматы трагедиясы Қайғылы оқиға 2022 жылдың қаңтар айының басында болды. Тәртіпсіздіктер сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан басталды.
2 қаңтарда Жаңаөзен қаласында митингі өтіп, артынан Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында оларға қолдау білдірді.
Алайда бейбіт митингілер жаппай бүлікке ұласып кетті. Әсіресе одан Алматы қаласы қатты зардап шекті. 5 қаңтарда қарулы адамдар қала орталығын қиратып, қала әкімдігінің ғимараты мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді.
Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды. Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.