НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. KASE Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 510,26 теңге деңгейінде болды.
Салыстыру үшін айтсақ, 2022 жылдың 10 наурызында кешке доллардың орташа сараланған бағамы 509,93 теңге болды. Сауда-саттық екі күннен бері штаттық режимде өтіп жатыр. 2022 жылдың 9 наурызында ол Франкфурт аукционы форматында өтті.
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттері долларды бірдей бағамен – 519 теңгеден сатуда.