Қоғам

Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы жөндеуге жабылады

Облыстық әкімдік жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Осы жылдың 17 наурызынан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағы жабылады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, 9 наурызда жүргізілген тексеріс барысында Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағында түрлі ақаулар, жарықшақтар анықталды.
Осыған байланысты Қазақстанның авиация әкімшілігі 17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалануды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Ақтөбе облысының әкімдігі қысқа мерзімде әуе айлағы плиталарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын.
Әуежайды пайдаланушы бірінші кезекте ауыстыруды талап ететін плиталарды анықтап, тексеру актісін жасап жатыр. Сондай-ақ ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
Қоғам
Air Astana Ресейге барлық рейсті тоқтатты
Айта кетері, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының әуежайынан 5 бағыт бойынша (Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістан қалалары) аптасына 52 ішкі жолаушылар рейсі, сондай-ақ басқа елдердің 4 қаласына (Ыстанбұл, Тбилиси, Қазан, Нукус) аптасына 9 рейс орындалады.