НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк теңгенің бекітілген бағамына қайта оралуды көздеп отырған жоқ. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимі жалғасады. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.
Ол бұған дейін Ұлттық банк бағамды белгілі бір деңгейде ұстап тұруға тырысқанымен, мұның соңы теңгенің құлдырауына әкеп соққанын еске салды. Белгіленген бағам мемлекеттік бюджетке қымбатқа түседі. Мәселен, 2014-2015 жылдары валюталық интервенцияға 35 миллиард теңге жұмсалды, ал теңге бағамын ұстап тұру бәрібір мүмкін болмады.
"Сарапшылар ортасында бекітілген айырбас бағамы бизнеске инвестициясын, шығысы мен кірісін жоспарлауға мүмкіндік беретін шарт ретінде ұсынылады және бұл бизнес үшін маңызды. Алайда бизнес үнемі белгісіздік жағдайында өмір сүреді. Бұл тек айырбастау бағамы ғана емес. Бұл баға және инфляция. Бұл кредиттер бойынша пайыздық ставкалар, бәсекелестік, реттеу, болжамдар мен ертеңгі күнге деген сенімділік. Сондықтан айырбастау бағамы – бұл факторлардың бірі ғана", - деп мәлімдеді Пірматов "Қазақпаратқа" берген сұхбатында.