https://sputnik.kz/20220310/ulttyq-bank-tenge-bekitilgen-bagam-23422275.html
Доллар бағасы өсіп жатыр: Ұлттық банк теңгенің бекітілген бағамына көше ме
Доллар бағасы өсіп жатыр: Ұлттық банк теңгенің бекітілген бағамына көше ме
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банк теңгенің белгіленген бағамына көшу мәселесін қарастырмайды 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T14:58+0500
2022-03-10T14:58+0500
2022-03-10T14:58+0500
экономика
ұлттық банк
доллар
теңге бағамы
https://sputnik.kz/img/1303/92/13039216_0:157:2993:1840_1920x0_80_0_0_8f95c6aa3c6cc8c0be964398ec228bc6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк теңгенің бекітілген бағамына қайта оралуды көздеп отырған жоқ. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимі жалғасады. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.Ол бұған дейін Ұлттық банк бағамды белгілі бір деңгейде ұстап тұруға тырысқанымен, мұның соңы теңгенің құлдырауына әкеп соққанын еске салды. Белгіленген бағам мемлекеттік бюджетке қымбатқа түседі. Мәселен, 2014-2015 жылдары валюталық интервенцияға 35 миллиард теңге жұмсалды, ал теңге бағамын ұстап тұру бәрібір мүмкін болмады."Сарапшылар ортасында бекітілген айырбас бағамы бизнеске инвестициясын, шығысы мен кірісін жоспарлауға мүмкіндік беретін шарт ретінде ұсынылады және бұл бизнес үшін маңызды. Алайда бизнес үнемі белгісіздік жағдайында өмір сүреді. Бұл тек айырбастау бағамы ғана емес. Бұл баға және инфляция. Бұл кредиттер бойынша пайыздық ставкалар, бәсекелестік, реттеу, болжамдар мен ертеңгі күнге деген сенімділік. Сондықтан айырбастау бағамы – бұл факторлардың бірі ғана", - деп мәлімдеді Пірматов "Қазақпаратқа" берген сұхбатында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1303/92/13039216_164:0:2827:1997_1920x0_80_0_0_1317c950126203f4efc89e62dc5c394d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, доллар, теңге бағамы
ұлттық банк, доллар, теңге бағамы
Доллар бағасы өсіп жатыр: Ұлттық банк теңгенің бекітілген бағамына көше ме
Ұлттық банк теңгенің белгіленген бағамына көшу мәселесін қарастырмайды
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк теңгенің бекітілген бағамына қайта оралуды көздеп отырған жоқ. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимі жалғасады. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.
Ол бұған дейін Ұлттық банк бағамды белгілі бір деңгейде ұстап тұруға тырысқанымен, мұның соңы теңгенің құлдырауына әкеп соққанын еске салды. Белгіленген бағам мемлекеттік бюджетке қымбатқа түседі. Мәселен, 2014-2015 жылдары валюталық интервенцияға 35 миллиард теңге жұмсалды, ал теңге бағамын ұстап тұру бәрібір мүмкін болмады.
"Сарапшылар ортасында бекітілген айырбас бағамы бизнеске инвестициясын, шығысы мен кірісін жоспарлауға мүмкіндік беретін шарт ретінде ұсынылады және бұл бизнес үшін маңызды. Алайда бизнес үнемі белгісіздік жағдайында өмір сүреді. Бұл тек айырбастау бағамы ғана емес. Бұл баға және инфляция. Бұл кредиттер бойынша пайыздық ставкалар, бәсекелестік, реттеу, болжамдар мен ертеңгі күнге деген сенімділік. Сондықтан айырбастау бағамы – бұл факторлардың бірі ғана", - деп мәлімдеді Пірматов "Қазақпаратқа" берген сұхбатында.