НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Украинаның ұлттық банкі Қазақстан, Армения, Түркия, Тәжікстан, Вьетнам және Қырғызстанды "Мир" төлем карталарымен кез келген операцияны тоқтатуға шақырды.
"Украинаның ұлттық банкі Армения, Қазақстан, Тәжікстан, Вьетнам, Түркия және Қырғыз Республикасы орталық банктерінің басшылығынан осы елдер аумағында "Мир" төлем жүйесінің төлем карталарымен кез келген операцияны тоқтатуды өтінді", - делінген Украина ұлттық банкінің хабарламасында.
Атап айтқанда, бұл жерде банкоматтар мен POS-терминалдарда "Мир" картасына қызмет көрсетуді тоқтату, сондай-ақ оны электронды сауда саласы мен аударымдар жасағанда пайдаланбау жайлы сөз болып отыр.
Ресей 24 ақпанда Украинада әскери операция бастады. Осыдан кейін Батыс елдері Ресейге қарсы санкция енгізді.