Қоғам

Украинадан қазақстандықтардың төртінші легі оралды

© SputnikУкраинадан келген қазақстандықтардың алғашқы легі
Украинадан келген қазақстандықтардың алғашқы легі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де елордаға қонды
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Украинада болған қазақстандықтардың төртінші легі елге жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары бар төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де елордаға қонды. Бортта 155 жолаушы болған.
Айта кетері, 9 наурызда төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Польшаның Катовице қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшып шықты.
Бұған дейін 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.
1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды. Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның 20-сы бала.
Жаңалықтар
0