НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей мен Украинаға Қазақстанда келіссөз өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді.
"Ресей қақтығысты шешуге көмектесу үшін жақсы ниетпен ұсыныс жасайтындардың бәріне алғыс білдіреді. Ең бастысы, біздің түрік достарымыздың да, қазақ достарымыздың да ұсынысын Украина тарапы өз мақсатында пайдаланбаса деп ойлаймыз ", - деді Лавров украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен келіссөз қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
LIVE_СПУТНИК: Итоги трехсторонних переговоров в Турции
Сонымен бірге Ресей Украинадағы жағдай туралы келіссөздің түрлі форматын қарастыруға дайын екенін жеткізді.
"Кездесулер бос сөз үшін өткізілмеуі керек деген ойдамыз", - деп толықтырды Сергей Лавров.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының съезінде Украинадағы ахуалдың ушығуы туралы алғаш рет айтқан болатын.
Ол екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысып, уағдаластық пен келісімге қол жеткізуге шақырды.
Жақсы даудан жаман бітім артық. Басқа жол жоқ. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмекті, соның ішінде делдалдық қызмет ұсынуға дайын, деген еді Тоқаев