НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды келіссөз алаңы ретінде ұсынуына қатысты пікір білдірді.
"Ресей екі тараптың жағдайын реттеуге атсалысып, келіссөз алаңын ұсынып жатқан елдердің бәріне алғыс білідерді. Ең бастысы достық ниеттегі ұсыныстарды украин тарапы басқа мақсатта пайдаланбаса құба-құп", - деді Лавров.
Дипломаттың айтуынша, "Украина өз міндеттемелерін орындауды сыртқы әсермен алмастыруға үйір".
"Олар Минск келіссөзінен нәтиже шығаруға үміті бар кезде байланыс тобын Қазақстанға ауыстыруға ұсыныс жасаған. Түркия алаңын да ұсынған. Оның астарында келісілген міндетті орындамау ниеті тұрғаныны сенімдімін. Осылайша сыртқы әсерлерге бой ұрды", - дейді Лавров.
Оның айтуынша, Ресей келіссөздің кез келген форматын қарастыруға дайын.