Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жанжалдан кейін тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынбақ

Қазір елорданың оң жағалауындағы жаңадан салынып жатқан ауданда үш мектеп жұмыс істейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Елорданың оң жағалауындағы "Қалалық романс" тұрғын үй кешені маңында жалпы білім беретін жаңа мектеп пайда болады.
Ақпан айының ортасында аудан тұрғындары тұрғын үй кешеніне жақын маңдағы құрылысқа қарсы шықты. Олар қала билігінен бос жерге үй емес, спорт кешені, балабақша немесе емхана салуды талап етті.
Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне: Тыныбаев, Храпатый және А11, А12 (жобалық атаулары) көшелерінің квадратында екі қабатты Тәжікстан елшілігін салуды жоспарлағанын айтты. Алайда әкімдіктің қаулысымен жобаға түзету енгізілгені хабарланды.
"2022 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтанның инженерлік, көлік инфрақұрылымын және қала құрылысы аспектілерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының кеңесінде жер учаскесінің жоспарлау жобасын түзету мәселесі қаралды. Үйдің орнына жалпы білім беретін мектеп салу жайы талқыланды", - делінген Sputnik Қазақстанның ресми сауалына келген жауапта.
Айта кетері, қазір бұл ауданда 3 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Алайда олардың барлығы толық. Тыныбаев көшесінде 400 орындық балабақша құрылысы қарастырылған.
Биыл 6 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне тұрғындар өтінішіне құлақ асуды және тұрғын үй кешенінің жанында биік үйлердің тығыз құрылысын тоқтатуды тапсырды. Мемлекет басшысы жаңа кешен орнына әлеуметтік инфрақұрылым, сквер мен балалар спорт алаңдарын салуға назар аударуды тапсырды.