https://sputnik.kz/20220309/nur-sultan-turgyn-uy-mektep-23394352.html
Нұр-Сұлтанда жанжалдан кейін тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынбақ
Нұр-Сұлтанда жанжалдан кейін тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынбақ
Sputnik Қазақстан
Қазір елорданың оң жағалауындағы жаңадан салынып жатқан ауданда үш мектеп жұмыс істейді 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T15:54+0500
2022-03-09T15:54+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23393542_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_4315eed0d9429ebfba0b95f969f225a3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Елорданың оң жағалауындағы "Қалалық романс" тұрғын үй кешені маңында жалпы білім беретін жаңа мектеп пайда болады.Ақпан айының ортасында аудан тұрғындары тұрғын үй кешеніне жақын маңдағы құрылысқа қарсы шықты. Олар қала билігінен бос жерге үй емес, спорт кешені, балабақша немесе емхана салуды талап етті.Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне: Тыныбаев, Храпатый және А11, А12 (жобалық атаулары) көшелерінің квадратында екі қабатты Тәжікстан елшілігін салуды жоспарлағанын айтты. Алайда әкімдіктің қаулысымен жобаға түзету енгізілгені хабарланды."2022 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтанның инженерлік, көлік инфрақұрылымын және қала құрылысы аспектілерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының кеңесінде жер учаскесінің жоспарлау жобасын түзету мәселесі қаралды. Үйдің орнына жалпы білім беретін мектеп салу жайы талқыланды", - делінген Sputnik Қазақстанның ресми сауалына келген жауапта.Айта кетері, қазір бұл ауданда 3 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Алайда олардың барлығы толық. Тыныбаев көшесінде 400 орындық балабақша құрылысы қарастырылған.Биыл 6 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне тұрғындар өтінішіне құлақ асуды және тұрғын үй кешенінің жанында биік үйлердің тығыз құрылысын тоқтатуды тапсырды. Мемлекет басшысы жаңа кешен орнына әлеуметтік инфрақұрылым, сквер мен балалар спорт алаңдарын салуға назар аударуды тапсырды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23393542_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_b01e91e7d8855a7bb85350e99b95de5d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Нұр-Сұлтанда жанжалдан кейін тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынбақ
15:54 09.03.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Қазір елорданың оң жағалауындағы жаңадан салынып жатқан ауданда үш мектеп жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Елорданың оң жағалауындағы "Қалалық романс" тұрғын үй кешені маңында жалпы білім беретін жаңа мектеп пайда болады.
Ақпан айының ортасында аудан тұрғындары тұрғын үй кешеніне жақын маңдағы құрылысқа қарсы шықты. Олар қала билігінен бос жерге үй емес, спорт кешені, балабақша немесе емхана салуды талап етті.
Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне: Тыныбаев, Храпатый және А11, А12 (жобалық атаулары) көшелерінің квадратында екі қабатты Тәжікстан елшілігін салуды жоспарлағанын айтты. Алайда әкімдіктің қаулысымен жобаға түзету енгізілгені хабарланды.
"2022 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтанның инженерлік, көлік инфрақұрылымын және қала құрылысы аспектілерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының кеңесінде жер учаскесінің жоспарлау жобасын түзету мәселесі қаралды. Үйдің орнына жалпы білім беретін мектеп салу жайы талқыланды", - делінген Sputnik Қазақстанның ресми сауалына келген жауапта.
Айта кетері, қазір бұл ауданда 3 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Алайда олардың барлығы толық. Тыныбаев көшесінде 400 орындық балабақша құрылысы қарастырылған.
Биыл 6 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне тұрғындар өтінішіне құлақ асуды және тұрғын үй кешенінің жанында биік үйлердің тығыз құрылысын тоқтатуды тапсырды. Мемлекет басшысы жаңа кешен орнына әлеуметтік инфрақұрылым, сквер мен балалар спорт алаңдарын салуға назар аударуды тапсырды.