Оқиға

Ақмола облысындағы ауылға жабайы қабандар кіріп кетті

Sputnik
КӨКШЕТАУ, 9 наурыз - Sputnik. Жабайы қабандар күтпеген жерден Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылына кіріп кетті. Жануарлар көшені аралап жүрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видеоны тұрғындар таратты. Кадрда үш қабан ғимарат қоршауының жанында жүргенін көруге болады. Олардың бірі көлікте отырған видео авторына қарайды.
Дикие кабаны гуляли посреди акмолинского села
"Кимадағы нағыз жабайы қабандар жүр. Өрт сөндіру бөлімінің жанында", - дейді автор.
Желі қолданушылары "аң аулауға барудың қажеті жоқ, ет өзі келді" деп жазады. Қалжыңдағанымен, тұрғындар жануарлар тістеп алады деп те алаңдаған.
Әкімдіктің баспасөз қызметі жабайы аңдар ауылда болғанын растады. Бұған дейін бұл ауылға қабандар келмеген.
"Олар ауылға кіріп, қайта кетіп қалды. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Трагедия болмас үшін оларды ауылдан шығарып жіберді. Ауыл әкімі "Охотнадзор" және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарлады", - деді Жақсы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Жаңабергенова.