https://sputnik.kz/20220309/aqmola-oblysy-auyl-qabandar-23390236.html
Ақмола облысындағы ауылға жабайы қабандар кіріп кетті
Ақмола облысындағы ауылға жабайы қабандар кіріп кетті
Sputnik Қазақстан
КӨКШЕТАУ, 9 наурыз - Sputnik. Жабайы қабандар күтпеген жерден Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылына кіріп кетті. Жануарлар көшені аралап жүрді, деп... 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T14:26+0500
2022-03-09T14:26+0500
2022-03-09T14:27+0500
оқиға
ақмола облысы
ауыл
https://sputnik.kz/img/old/571/16/5711631_0:123:564:440_1920x0_80_0_0_afd54df2eda8b4c05ffaa0d36c0a3ad1.jpg
КӨКШЕТАУ, 9 наурыз - Sputnik. Жабайы қабандар күтпеген жерден Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылына кіріп кетті. Жануарлар көшені аралап жүрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Видеоны тұрғындар таратты. Кадрда үш қабан ғимарат қоршауының жанында жүргенін көруге болады. Олардың бірі көлікте отырған видео авторына қарайды."Кимадағы нағыз жабайы қабандар жүр. Өрт сөндіру бөлімінің жанында", - дейді автор.Желі қолданушылары "аң аулауға барудың қажеті жоқ, ет өзі келді" деп жазады. Қалжыңдағанымен, тұрғындар жануарлар тістеп алады деп те алаңдаған.Әкімдіктің баспасөз қызметі жабайы аңдар ауылда болғанын растады. Бұған дейін бұл ауылға қабандар келмеген."Олар ауылға кіріп, қайта кетіп қалды. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Трагедия болмас үшін оларды ауылдан шығарып жіберді. Ауыл әкімі "Охотнадзор" және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарлады", - деді Жақсы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Жаңабергенова.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/571/16/5711631_0:70:564:493_1920x0_80_0_0_2c08148779e2e5cd5bbcf387f0dc1646.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, ауыл
Ақмола облысындағы ауылға жабайы қабандар кіріп кетті
14:26 09.03.2022 (жаңартылды: 14:27 09.03.2022) КӨКШЕТАУ, 9 наурыз - Sputnik. Жабайы қабандар күтпеген жерден Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылына кіріп кетті. Жануарлар көшені аралап жүрді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видеоны тұрғындар таратты. Кадрда үш қабан ғимарат қоршауының жанында жүргенін көруге болады. Олардың бірі көлікте отырған видео авторына қарайды.
"Кимадағы нағыз жабайы қабандар жүр. Өрт сөндіру бөлімінің жанында", - дейді автор.
Желі қолданушылары "аң аулауға барудың қажеті жоқ, ет өзі келді" деп жазады. Қалжыңдағанымен, тұрғындар жануарлар тістеп алады деп те алаңдаған.
Әкімдіктің баспасөз қызметі жабайы аңдар ауылда болғанын растады. Бұған дейін бұл ауылға қабандар келмеген.
"Олар ауылға кіріп, қайта кетіп қалды. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Трагедия болмас үшін оларды ауылдан шығарып жіберді. Ауыл әкімі "Охотнадзор" және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарлады", - деді Жақсы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Жаңабергенова.