НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында кеден саласындағы мәселелер қаралды.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда Қытаймен шекарадағы "Алтынкөл" және "Достық – Теміржол" теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"Қазіргі таңда 5 автожол өткізу пунктінің 4-уі ашық және жүктерді қабылдап жатыр. "Қалжат" өткізу пункті бүгінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр", — деді қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев.

Үкімет "Нұр жолы" өткізу пунктіндегі Қытайдан Қазақстанға жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешті, ал электронды кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.
Кеңес барысында премьер-министр қазіргі жағдайға байланысты туындайтын және болуы ықтимал сын-тегеуріндерге жедел ден қою қажеттігін атап өтті.
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың келесі отырысы 9 наурызда өтеді.