https://sputnik.kz/20220308/qytay-shekara-maseleler-23371351.html
Жедел штабтың отырысында Қытаймен шекарадағы мәселелер талқыланды
Жедел штабтың отырысында Қытаймен шекарадағы мәселелер талқыланды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы 5 автожол өткізу пунктінің төртеуі ашық тұр 08.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-08T15:25+0500
2022-03-08T15:25+0500
2022-03-08T15:25+0500
үкімет
қытай
https://sputnik.kz/img/07e6/03/08/23371157_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_4dfcd4cbe8d35647e238a543bdd0e74c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында кеден саласындағы мәселелер қаралды.Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда Қытаймен шекарадағы "Алтынкөл" және "Достық – Теміржол" теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр."Қазіргі таңда 5 автожол өткізу пунктінің 4-уі ашық және жүктерді қабылдап жатыр. "Қалжат" өткізу пункті бүгінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр", — деді қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев.Үкімет "Нұр жолы" өткізу пунктіндегі Қытайдан Қазақстанға жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешті, ал электронды кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.Кеңес барысында премьер-министр қазіргі жағдайға байланысты туындайтын және болуы ықтимал сын-тегеуріндерге жедел ден қою қажеттігін атап өтті.Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың келесі отырысы 9 наурызда өтеді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/08/23371157_101:0:1216:836_1920x0_80_0_0_3aecacf83723c2eaa4b05ec9a849628c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қытай
Жедел штабтың отырысында Қытаймен шекарадағы мәселелер талқыланды
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы 5 автожол өткізу пунктінің төртеуі ашық тұр
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында кеден саласындағы мәселелер қаралды.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда Қытаймен шекарадағы "Алтынкөл" және "Достық – Теміржол" теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"Қазіргі таңда 5 автожол өткізу пунктінің 4-уі ашық және жүктерді қабылдап жатыр. "Қалжат" өткізу пункті бүгінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр", — деді қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев.
Үкімет "Нұр жолы" өткізу пунктіндегі Қытайдан Қазақстанға жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешті, ал электронды кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.
Кеңес барысында премьер-министр қазіргі жағдайға байланысты туындайтын және болуы ықтимал сын-тегеуріндерге жедел ден қою қажеттігін атап өтті.
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың келесі отырысы 9 наурызда өтеді.