НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Монополияға қарсы департамент қызметкерлері тыңайтқыш бағасын белгілеу кезінде басшылығы монополия ережелерін ескермеген деген күдікке ілінген "ҚазАзот" акционерлік қоғамына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Өңірдегі монополияға қарсы департаменті жүргізген тексерудің алдын ала мәліметі бойынша, өндірілетін тауардың, яғни аммиак селитрасының бағасы қымбаттауы салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тыңайтқышты сатып алудан бас тартуға мәжбүр болған.
"Монополия туралы ережелерді теріс пайдалану (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы), оның ішінде өндірілген тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нысаны ірі кәсіпкерлік санатына жатады. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталған жағдайда монополиялық кіріс тәркіленеді", - деп жазылған Маңғыстау облысы монополияға қарсы департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствода хабарлағандай, егер заң бұзушылық фактісі расталса, онда монополиялық табысты тәркілеумен қатар, кәсіпорын сол кірістің бес проценті көлемінде айыппұл төлеуге тиісті болады.
Тексеру жалғасып жатыр.