https://sputnik.kz/20220307/qazazot-kasiporny-ayyppul-23354669.html
"ҚазАзот" кәсіпорны ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін
"ҚазАзот" кәсіпорны ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Маңғыстау облысының монополияға қарсы департаменті "ҚазАзот" АҚ қарсы тергеуді бастады 07.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-07T11:34+0500
2022-03-07T11:34+0500
2023-08-09T16:44+0500
өңірлер
айыппұл
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1451406e3b5c4a4069f5d446a86e0411.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Монополияға қарсы департамент қызметкерлері тыңайтқыш бағасын белгілеу кезінде басшылығы монополия ережелерін ескермеген деген күдікке ілінген "ҚазАзот" акционерлік қоғамына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Өңірдегі монополияға қарсы департаменті жүргізген тексерудің алдын ала мәліметі бойынша, өндірілетін тауардың, яғни аммиак селитрасының бағасы қымбаттауы салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тыңайтқышты сатып алудан бас тартуға мәжбүр болған."Монополия туралы ережелерді теріс пайдалану (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы), оның ішінде өндірілген тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нысаны ірі кәсіпкерлік санатына жатады. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталған жағдайда монополиялық кіріс тәркіленеді", - деп жазылған Маңғыстау облысы монополияға қарсы департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомствода хабарлағандай, егер заң бұзушылық фактісі расталса, онда монополиялық табысты тәркілеумен қатар, кәсіпорын сол кірістің бес проценті көлемінде айыппұл төлеуге тиісті болады. Тексеру жалғасып жатыр.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_fe21e2c24066846d9378484085c7e11a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл, маңғыстау облысы
айыппұл, маңғыстау облысы
"ҚазАзот" кәсіпорны ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін
11:34 07.03.2022 (жаңартылды: 16:44 09.08.2023) Маңғыстау облысының монополияға қарсы департаменті "ҚазАзот" АҚ қарсы тергеуді бастады
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Монополияға қарсы департамент қызметкерлері тыңайтқыш бағасын белгілеу кезінде басшылығы монополия ережелерін ескермеген деген күдікке ілінген "ҚазАзот" акционерлік қоғамына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Өңірдегі монополияға қарсы департаменті жүргізген тексерудің алдын ала мәліметі бойынша, өндірілетін тауардың, яғни аммиак селитрасының бағасы қымбаттауы салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тыңайтқышты сатып алудан бас тартуға мәжбүр болған.
"Монополия туралы ережелерді теріс пайдалану (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы), оның ішінде өндірілген тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нысаны ірі кәсіпкерлік санатына жатады. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталған жағдайда монополиялық кіріс тәркіленеді", - деп жазылған Маңғыстау облысы монополияға қарсы департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствода хабарлағандай, егер заң бұзушылық фактісі расталса, онда монополиялық табысты тәркілеумен қатар, кәсіпорын сол кірістің бес проценті көлемінде айыппұл төлеуге тиісті болады.