Экономика

Үкіметте жүк тасымалы бойынша туындаған логистикалық мәселелер талқыланды

"Ақтау/Құрық – Баку – Тбилиси – Карс" бағыты бойынша серіктестермен келісімдер пысықталып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында қазақстандық жүк тасымалдары саласында туындап отырған логистикалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды, деп хабарлады премьер-министр сайты.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев шетелдік серіктестермен өткен келіссөздер және қол жеткізілген уағдаластықтар туралы баяндады.

"Еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайту үшін жүк тасымалы, "Ақтау/Құрық – Баку – Тбилиси – Карс" бағыты бойынша серіктестермен келісімдер пысықталып жатыр. Сондай-ақ тарифтік саясат мәселесі де шешімін табуда", — деді министр.

Сонымен қатар бизнес, "Атамекен" ҰКП және мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзекті ақпаратпен жедел алмасу мәселесі талқыланды. Осылайша, қажетті мәліметтер базасы бір жүйеге келтіріледі.

Премьер-министрдің төрағалығымен жедел штабтың келесі отырысы 7 наурызда өтеді.
Экономика
Қазақстанның мыңнан астам жүк вагоны Украинада тұрып қалды