https://sputnik.kz/20220305/qazaqstan-vagon-ukraina-23332299.html
Қазақстанның мыңнан астам жүк вагоны Украинада тұрып қалды
Қазақстанның мыңнан астам жүк вагоны Украинада тұрып қалды
Sputnik Қазақстан
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" АҚ Украинадағы вагондарды Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T19:58+0500
2022-03-05T19:58+0500
2022-03-05T19:58+0500
экономика
украина
жүк
https://sputnik.kz/img/213/00/2130080_0:0:3500:1969_1920x0_80_0_0_b884730a21da6b3b1cfcc4e8bb870151.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұрып қалды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" АҚ Украинадағы вагондарды Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін қазақстандық жүк тасымалдаушылардың отыз жүк көлігі Украина аумағынан шықты, тағы 11-і Польша шекарасына бет алғаны хабарланды. Бұған дейін индустрия министрлігі Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына қосымша құжаттарсыз көліктер мен жүргізушілерге рұқсат беруді сұраған.Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев уәкілетті органдармен қазақстандық тасымалдаушылардың шығуы үшін жасыл дәліз ұйымдастыру жөнінде келіссөз жүргізді.Тасымалдаушыларға жүргізушілерді Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдова шекараларына бағыттау ұсынылды, онда өткізу пунктері ашылып, жеңілдетілген тәртіппен шығу жолы ұйымдастырылған. Украинадағы Ресей жүргізіп жатқан әскери операциясына байланысты қазақстандық жүк көліктері сол жақта қалды.Елден шығудың жалғыз жолы – Украинаның батысына бару. Алайда жүк тасымалдаушылар ол жақтан өз бетінше шыға алмады. Олар сондай-ақ олар Польша немесе басқа елмен шекарадан өту үшін жүк көліктерін қалдыра алмаған, жүргізушілерде тиісті құжаттар болмаған. Министрліктің жедел телефондары ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ахуал орталығы: +7 (7172) 98-35-35, 98-35-33; ҚР ИИДМ ахуал орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800 Ақтау, Солтүстік терминал, Құрық порттарындағы жедел желі телефондары: Ақтау теңіз сауда порты 8 7292 44 51 27 – коммерциялық жұмыс бөлімі; +7 775 362 72 73 – Әнуар Немышев, маркетинг және сату бөлімінің бастығы; 8 7292 44 51 51 – маркетинг және сату бөлімі. Солтүстік терминал 8 7292 20 38 78 (1024) Расул Шайханов – экспедициялау қызметінің басшысы; 8 (7292) 20 38 78 (1028) Александр Сливко – көлік-экспедиторлық қызмет маманы; 8 (7292) 20 38 78 (доб.1042) Ержан Байтақов – бөлім басшысы. Құрық порты +7 776 025 77 77 Айтқали Нұрмағамбетов; +7 705 169 04 44 маркетинг және сату бөлімі."ҚТЖ" ҰК" АҚ жедел желісі: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС 8 (702) 164-55-39, 60-31-33 – жүктерді басқа мекенжайға жіберу туралы (станцияларды өзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару және т.б.) өтінімдер қабылдау және кеңес беру; "ҚТЖ "ҰК" АҚ – кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беру телефоны: 60-30-19, 8 (701) 341-32-20 Ресей, Украина, Белоруссия және Еуроодақ аумағында тасымалды ұйымдастыру бойынша кеңес беру телефоны: +7(702) 788-68-87.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/213/00/2130080_0:0:3112:2334_1920x0_80_0_0_65b669a002726a72b17de104c51f9f89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, жүк
Қазақстанның мыңнан астам жүк вагоны Украинада тұрып қалды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" АҚ Украинадағы вагондарды Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұрып қалды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазақстан темір жолы" АҚ Украинадағы вагондарды Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін қазақстандық жүк тасымалдаушылардың отыз жүк көлігі Украина аумағынан шықты, тағы 11-і Польша шекарасына бет алғаны хабарланды. Бұған дейін индустрия министрлігі Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына қосымша құжаттарсыз көліктер мен жүргізушілерге рұқсат беруді сұраған.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев уәкілетті органдармен қазақстандық тасымалдаушылардың шығуы үшін жасыл дәліз ұйымдастыру жөнінде келіссөз жүргізді.
Тасымалдаушыларға жүргізушілерді Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдова шекараларына бағыттау ұсынылды, онда өткізу пунктері ашылып, жеңілдетілген тәртіппен шығу жолы ұйымдастырылған.
Украинадағы Ресей жүргізіп жатқан әскери операциясына байланысты қазақстандық жүк көліктері сол жақта қалды.
Елден шығудың жалғыз жолы – Украинаның батысына бару. Алайда жүк тасымалдаушылар ол жақтан өз бетінше шыға алмады. Олар сондай-ақ олар Польша немесе басқа елмен шекарадан өту үшін жүк көліктерін қалдыра алмаған, жүргізушілерде тиісті құжаттар болмаған.
Министрліктің жедел телефондары
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ахуал орталығы: +7 (7172) 98-35-35, 98-35-33;
ҚР ИИДМ ахуал орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800
Ақтау, Солтүстік терминал, Құрық порттарындағы жедел желі телефондары: Ақтау теңіз сауда порты 8 7292 44 51 27 – коммерциялық жұмыс бөлімі;
+7 775 362 72 73 – Әнуар Немышев, маркетинг және сату бөлімінің бастығы;
8 7292 44 51 51 – маркетинг және сату бөлімі.
Солтүстік терминал 8 7292 20 38 78 (1024) Расул Шайханов – экспедициялау қызметінің басшысы;
8 (7292) 20 38 78 (1028) Александр Сливко – көлік-экспедиторлық қызмет маманы;
8 (7292) 20 38 78 (доб.1042) Ержан Байтақов – бөлім басшысы.
Құрық порты +7 776 025 77 77 Айтқали Нұрмағамбетов; +7 705 169 04 44 маркетинг және сату бөлімі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ жедел желісі:
"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС 8 (702) 164-55-39, 60-31-33 – жүктерді басқа мекенжайға жіберу туралы (станцияларды өзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару және т.б.) өтінімдер қабылдау және кеңес беру;
"ҚТЖ "ҰК" АҚ – кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беру телефоны: 60-30-19, 8 (701) 341-32-20 Ресей, Украина, Белоруссия және Еуроодақ аумағында тасымалды ұйымдастыру бойынша кеңес беру телефоны: +7(702) 788-68-87.