Денсаулық

Омикрон-штамды анықтау несімен қиын

Пациенттердің өздері де "омикрон" штамды нақты біле алмайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Ауыр респираторлық инфекцияның әдеттегі клиникалық белгілеріне қарап диагноз қою қиын, деді Мәскеудегі №52 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мариана Лысенко РИА Новостиге.
Сондай-ақ, пациенттердің өздері де "омикрон"-штамды нақты біле алмайды. Өйткені оның суық тиюден еш айырмашылығы жоқ.
Дәрігердің айтуынша, алдыңғы екі толқындағы вирустың ең ерекше симптомы - дәм мен иіс сезбеу болатын. Бірақ қазір мұндай шағымдар жоқ, деді Лысенко.
"Сондықтан, кез-келген нәрседен туындауы мүмкін ауыр респираторлық инфекцияның әдеттегі клиникасы, диагноз қою қиын,. Әсіресе амбулаторлық кезеңде оңай болмайды. Пациенттердің өздері де "омикрон"-штамды нақты біле алмайды. Өйткені бұған дейін дәм мен иіс сезу қабілеті нашарлайтын. Сол симптомдарға қарап пациенттер коронавирус инфекциясына дайын болды ", - деді Лысенко.
Денсаулық
Дәрігер коронавирустың жеңіл түрі несімен қауіпті екенін айтты