https://sputnik.kz/20220223/dariger-koronavirus-qauip-23024069.html
Дәрігер коронавирустың жеңіл түрі несімен қауіпті екенін айтты
Дәрігер коронавирустың жеңіл түрі несімен қауіпті екенін айтты
Sputnik Қазақстан
Вирустың салдары біраз уақыт өткеннен кейін байқалуы мүмкін 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T12:30+0500
2022-02-23T12:30+0500
2022-02-23T12:30+0500
денсаулық
коронавирус
https://sputnik.kz/img/81/76/817616_0:29:3072:1757_1920x0_80_0_0_c7bfdbcc9d8ebfc507df7d8c1a1e8acc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Аллерголог-иммунолог дәрігер Владимир Болибок "омикрон" штамына немқұрайлы қарауға болмайтынына сенімді.Көп адам осы штамм тудырған ауруды жеңіл өткізеді. Алайда коронавирустың тек ауыр түрі ғана асқынуларға алып келмейді, деді ол Sputnik радиосына берген сұхбатында. "Көп жағдайда "омикрон" штамынан туындайтын коронавирусты инфекцияның жеңіл түрі одан кейін де ауру жеңіл сипатта өтеді дегенді білдірмейді. Сонымен қатар SARS-CoV-2 коронавирусының кез келген түрі секілді "омикрон" да қан тамырларының ішкі қабықшасында елеулі өзгерістер тудырып, қанның ұю жүйесінің жұмысы бұзылуына алып келеді", - деп түсіндірді Владимир Болибок. Вирустың адам ағзасына салдары ауру аяқталған соң, біраз уақыт өткеннен кейін байқалуы мүмкін екенін айтты. Ауру басылғаннан кейін пайда болатын жөтелге де көңіл бөлу қажет. Дәрігер бұл өкпе күретамырында тромбоэмболия пайда болуының белгісі болуы ықтимал екенін айтты. Кейде коронавируспен ауырып тұрғаннан кейін қан айналымының бұзылуы көрудің нашарлауына алып келеді. "Қан айналымы бұзылып, көз жанарының тромбозы туындайды. Көп жағдайда адамдар көздің ауыруына шағымданып, анық көре алмайтындарын, айналаға қарағанда, көз алдында дақ пайда болғанын айтады. Бұл негізінен дельта-штамға тән симптом болғанымен, "омикрон" жұқтырған кезде де кездеседі. Бұл жеңіл, симптомсыз ауырған кезде байқалады", - деді Владимир Болибок. "Омикронның" алғашқы белгілері: қалай емдеу керек Дәрігерлер жаңа штамм – "омикронды" жұқтырған кезде антибиотиктерді қабылдаудан бас тарту керек екенін айтты. Ең алдымен оқшауланып, үйден шықпау қажет. Ал үйде дәріханада рецептсіз сатылатын және әрбір үйде бар кең таралған препараттармен емделуге болады. Дене қызуын басатын дәріні температура 38 градустан жоғары көтерілген жағдайда ғана ішу керек. Бұған қоса, тамақты, мұрынды тұзды ерітіндімен шаю қажет. Тамақтағы ауырсынуды басуға пастила, соруға арналған дәрі, спрей немесе ерітінді түріндегі антисептик құралдар көмектеседі. Көбірек су ішіп, қуырылған, майлы және тұзды тағамдардан бас тартуға кеңес беріледі. Бұл кезде лимонға және С дәруменіне бай басқа да жемістерді тұтынған дұрыс. Сондай-ақ науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, жуып-шаю қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/76/817616_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_7884e33eeb9e906dfc52a730a9caea84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус
Дәрігер коронавирустың жеңіл түрі несімен қауіпті екенін айтты
Вирустың салдары біраз уақыт өткеннен кейін байқалуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Аллерголог-иммунолог дәрігер Владимир Болибок "омикрон" штамына немқұрайлы қарауға болмайтынына сенімді.
Көп адам осы штамм тудырған ауруды жеңіл өткізеді. Алайда коронавирустың тек ауыр түрі ғана асқынуларға алып келмейді, деді ол Sputnik радиосына берген сұхбатында.
"Көп жағдайда "омикрон" штамынан туындайтын коронавирусты инфекцияның жеңіл түрі одан кейін де ауру жеңіл сипатта өтеді дегенді білдірмейді. Сонымен қатар SARS-CoV-2 коронавирусының кез келген түрі секілді "омикрон" да қан тамырларының ішкі қабықшасында елеулі өзгерістер тудырып, қанның ұю жүйесінің жұмысы бұзылуына алып келеді", - деп түсіндірді Владимир Болибок.
Вирустың адам ағзасына салдары ауру аяқталған соң, біраз уақыт өткеннен кейін байқалуы мүмкін екенін айтты.
"Дәрігердің айтуынша, коронавирус кезінде туындайтын ең үлкен қауіптің бірі – тромбоз, яғни қанның ұю. Адам жасы үлкен болған сайын қауіп те ұлғаяды. "Аяқ пен қолдағы кенеттен пайда болған ауырсыну, бұлшықет тырысуы, аяқтың ісінуі, көктамырдың айқындала түсуі сынды симптомдарға назар аудару керек. Бұл адамда тромбоз асқынғанын білдіруі мүмкін", - деді Владимир Болибок.
Ауру басылғаннан кейін пайда болатын жөтелге де көңіл бөлу қажет. Дәрігер бұл өкпе күретамырында тромбоэмболия пайда болуының белгісі болуы ықтимал екенін айтты. Кейде коронавируспен ауырып тұрғаннан кейін қан айналымының бұзылуы көрудің нашарлауына алып келеді.
"Қан айналымы бұзылып, көз жанарының тромбозы туындайды. Көп жағдайда адамдар көздің ауыруына шағымданып, анық көре алмайтындарын, айналаға қарағанда, көз алдында дақ пайда болғанын айтады. Бұл негізінен дельта-штамға тән симптом болғанымен, "омикрон" жұқтырған кезде де кездеседі. Бұл жеңіл, симптомсыз ауырған кезде байқалады", - деді Владимир Болибок.
"Омикронның" алғашқы белгілері: қалай емдеу керек
Дәрігерлер жаңа штамм – "омикронды" жұқтырған кезде антибиотиктерді қабылдаудан бас тарту керек екенін айтты.
Ең алдымен оқшауланып, үйден шықпау қажет. Ал үйде дәріханада рецептсіз сатылатын және әрбір үйде бар кең таралған препараттармен емделуге болады.
Дене қызуын басатын дәріні температура 38 градустан жоғары көтерілген жағдайда ғана ішу керек. Бұған қоса, тамақты, мұрынды тұзды ерітіндімен шаю қажет.
Тамақтағы ауырсынуды басуға пастила, соруға арналған дәрі, спрей немесе ерітінді түріндегі антисептик құралдар көмектеседі.
Көбірек су ішіп, қуырылған, майлы және тұзды тағамдардан бас тартуға кеңес беріледі. Бұл кезде лимонға және С дәруменіне бай басқа да жемістерді тұтынған дұрыс.
Сондай-ақ науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, жуып-шаю қажет.