Экономика

Қор биржасында теңге бағамы тағы да төмендеді

Бір тәуліктен аз уақыт ішінде доллар шамамен төрт теңгеге қымбаттады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Қор биржасында доллардың орташа бағамы 497,02 теңге деңгейіне жетті.
Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 497,02 теңге. 3 наурызда кешке доллар 493,43 теңге болған.
Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар 503-506 теңгеге сатылып жатыр.
Елордада кейбір айырбастау пунктері әлі де шетелдік валютаны сатып жатқан жоқ.
Теңгенің құлдырауына байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме