Бұл – Токиодағы әйгілі Hoshinoya қонақүйіндегі мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған Lantern Dining Experience (шам астындағы кешкі ас) жобасы. Жоба көне дәстүр мен заманауи материалдарды біріктерген. Әр шам жапон шамдарын шығаруға маманданған әйгілі шеберханада жасалған. Сонымен қатар олардың барлығы мейрамханаға келушілерді қауіпті вирустан қорғауға мүмкіндік беретін заманауи материалдарды қолданып жасалған. Әр шамның биіктігі – 120 сантиметр, диаметрі – 75 сантиметр. Оның алдыңғы бөлігі адамдармен коронавирустан қорғау үшін тығыз пластиктен жасалған.
Алайда соған қарамастан, мұндай шамдар кешкі ас ішкен кезде бірге отырған адамдардың бір-бірін жақсы естуіне кедергі келтірмейді және маска тағуды қажет етпейді. Шам астында кешкі ас ішу құны екі адамға 200 доллар ал бірнеше адам келсе, жеңілдік бар. Ерекше кешкі астың суреттерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.