Мейрамхана коронавирустан қорғанудың ерекше тәсілін ұсынды – фото
Мейрамхана коронавирустан қорғанудың ерекше тәсілін ұсынды – фото
Sputnik Қазақстан
Дәстүрлі жапон эстетикасы, заманауи материалдар және ең бастысы – пандемия жағдайында адамдармен маскасыз араласу мүмкіндігі 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
Бұл – Токиодағы әйгілі Hoshinoya қонақүйіндегі мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған Lantern Dining Experience (шам астындағы кешкі ас) жобасы. Жоба көне дәстүр мен заманауи материалдарды біріктерген. Әр шам жапон шамдарын шығаруға маманданған әйгілі шеберханада жасалған. Сонымен қатар олардың барлығы мейрамханаға келушілерді қауіпті вирустан қорғауға мүмкіндік беретін заманауи материалдарды қолданып жасалған. Әр шамның биіктігі – 120 сантиметр, диаметрі – 75 сантиметр. Оның алдыңғы бөлігі адамдармен коронавирустан қорғау үшін тығыз пластиктен жасалған. Алайда соған қарамастан, мұндай шамдар кешкі ас ішкен кезде бірге отырған адамдардың бір-бірін жақсы естуіне кедергі келтірмейді және маска тағуды қажет етпейді. Шам астында кешкі ас ішу құны екі адамға 200 доллар ал бірнеше адам келсе, жеңілдік бар. Ерекше кешкі астың суреттерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
Дәстүрлі жапон эстетикасы, заманауи материалдар және ең бастысы – пандемия жағдайында адамдармен маскасыз араласу мүмкіндігі
Бұл – Токиодағы әйгілі Hoshinoya қонақүйіндегі мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған Lantern Dining Experience (шам астындағы кешкі ас) жобасы. Жоба көне дәстүр мен заманауи материалдарды біріктерген. Әр шам жапон шамдарын шығаруға маманданған әйгілі шеберханада жасалған. Сонымен қатар олардың барлығы мейрамханаға келушілерді қауіпті вирустан қорғауға мүмкіндік беретін заманауи материалдарды қолданып жасалған. Әр шамның биіктігі – 120 сантиметр, диаметрі – 75 сантиметр. Оның алдыңғы бөлігі адамдармен коронавирустан қорғау үшін тығыз пластиктен жасалған.
Алайда соған қарамастан, мұндай шамдар кешкі ас ішкен кезде бірге отырған адамдардың бір-бірін жақсы естуіне кедергі келтірмейді және маска тағуды қажет етпейді. Шам астында кешкі ас ішу құны екі адамға 200 доллар ал бірнеше адам келсе, жеңілдік бар. Ерекше кешкі астың суреттерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
Жапонияның Hoshinoya қонақүйіндегі мейрамханада түскі ас пен кешкі ас тек сол жердегі қонақтарға арналған. Бұл шектеу келушілердің денсаулығын сақтауға байланысты карантиндік шаралар негізінде енгізілген. Алайда Lantern Dining Experience жобасы басталғаннан кейін басқа да қонақтарды шақыруға рұқсат етілді
Lantern Dining Experience жобасындағы әрбір шамға жайлы атмосфера сыйлауы үшін жарық орнатылған. Шамның диаметрі кешкі ас кезінде өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді, жоба аясында арнайы мәзір де дайындалған
Олар заманауи және дәстүрлі материалдарды – қағаз бен пластикті қолдану арқылы жиналады. Оның әрқайсысы Kojima Shoten шеберханасында жасалған. Бұл шеберхананың тарихы Эдо кезеңінен бастау алады
Қонақүй мәліметіне сәйкес, Lantern Dining Experience жобасы клиенттердің үлкен қызығушылығын тудырады. Қонақтар мейрамханада достарымен бірге кешкі ас ішу үшін шамамен 260 доллар төлейді