Әлем

Оқиға орнында көз жұмды: аулаға шыққан әйелдің басына кресло құлады - видео

Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғаны хабарланды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Ресейдің Новосибирск қаласында итпен далаға шыққан зейнеткердің басына жоғары қабаттан кресло құлады.
Baza Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға таңғы уақытта болған.
Көпқабатты үйде тұратын зейнеткер итін далаға шығарған. Кіреберіске шыққан бойда басына кресло құлап түсті. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Полицейлер бірден үйдің үш тұрғыны - екі қыз бен бір жігітті анықтады. Олар креслоны жетінші қабаттан лақтырған.
"Үйдің интерьерін жаңартуға тырыстық", - дейді.
Кресломен бірге екі диванды да лақтырған. Ол уақытта аулада ешкім болмаған.
Үшеуі де абайсызда адам өлтіру фактісі бойынша жауапқа тартылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғаны хабарланды.
Қоғам
"Даудың басы - диван": атыс болған үйдің тұрғындары оқиғаға не себеп болғанын айтты