НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Sputnik-тің барлық 30 сайты бүкіл әлем бойынша DDoS-шабуылға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Sputnik баспасөз қызметі.
"Sputnik сайттары бүкіл әлем бойынша тағы да жаппай кибершабуылға ұшырауда, бұл әрекеттер сенбіден бері толастар емес. Қазір қиыр, таяу шет елдерде барлық сайтта материал жариялау өте қиындап кеткен, бірақ сайттардың өзі қолданушыларға қолжетімді. Біз оқырмандарды жаңалықтарды Sputnik-тің Telegram-каналдарынан оқуға шақырамыз", - деді агенттіктегілер.
Sputnik сайттарына бүкіл әлем бойынша бірнеше күн бойы DdoS-шабуыл жасалып жатыр. Ол Anonymous-тің Ресеймен киберсоғыс басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін басталды.