Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Ресей мен Украина келіссөзін өткізуге дайын

Бұған дейін Қазақстан да екі ел арасындағы келіссім алаңын ұйымдастыруға дайын екенін хабарлаған болатын.
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Түркия Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасында келіссөз ұйымдастыруға дайын, деп хабарлады РИА Новости елдегі басқарушы партияның баспасөз хатшысы Өмер Челикке сілтеме жасап.
"Түркия екі ел арасында делдал қызметін атқарып, келіссөз ұйымдастыруға дайын. Украина мен Ресей арасында келісім орнап, оқ атудың тоқтатылу маңызды", - деді Челик.
Бұған дейін Қазақстан да екі ел арасындағы келісім алаңын ұйымдастыруға дайын екенін хабарлаған болатын. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Украина мен Ресейді ымыраға келуге үндеді.