Саясат

Геосаяси ахуал ушыға түскен кезде БҰҰ-ның әлеуетін арттыра түсу керек – Тоқаев

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек деп есептейді.
"Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек", - деп жазды ол Twitter парақшасында.
Қазақстан БҰҰ-ға осыдан тура 30 жыл бұрын – 1992 жылы 2 наурызда кірген.
Саясат
Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге үндеді