Экономика

Былтыр қазақстандықтар 6,2 млрд қолма-қол ақшасыз төлем жасаған

Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. 2021 жылы қазақстандықтар 93,7 триллион теңгеге 6,2 миллиард қолма-қол ақшасыз төлем жасады.
Салыстыру үшін айтар болсақ, 2020 жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 52 триллион теңгеге 3,2 миллиард операция жасаған, деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Былтыр операциялардың 78%-і (73,1 трлн теңге) – бұл қолма-қол ақшасыз аударымдар мен төлемдер, қалғаны – банкоматтардан қолма-қол ақша шешіп алу.
"2021 жылы әрбір бесінші қолма-қол операцияның үшеуі интернет пен мобильді банкинг көмегімен жүргізілді, ал олардың жалпы көлемдегі үлесі 83%-ті құрады. Орташа есеппен интернет пен мобильді банкинг операцияларының күн сайынғы көлемі 167 миллиард теңгеге 11,5 миллионнан асты", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Экономика
Теңге тағы құлдырай ма – экономист болжам жасады