Экономика

Былтыр қазақстандықтар 6,2 млрд қолма-қол ақшасыз төлем жасаған

© Sputnik / Абзал КалиевКарточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. 2021 жылы қазақстандықтар 93,7 триллион теңгеге 6,2 миллиард қолма-қол ақшасыз төлем жасады.
Салыстыру үшін айтар болсақ, 2020 жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 52 триллион теңгеге 3,2 миллиард операция жасаған, деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Былтыр операциялардың 78%-і (73,1 трлн теңге) – бұл қолма-қол ақшасыз аударымдар мен төлемдер, қалғаны – банкоматтардан қолма-қол ақша шешіп алу.
"2021 жылы әрбір бесінші қолма-қол операцияның үшеуі интернет пен мобильді банкинг көмегімен жүргізілді, ал олардың жалпы көлемдегі үлесі 83%-ті құрады. Орташа есеппен интернет пен мобильді банкинг операцияларының күн сайынғы көлемі 167 миллиард теңгеге 11,5 миллионнан асты", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Теңге, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Экономика
Теңге тағы құлдырай ма – экономист болжам жасады
Жаңалықтар
0