Өңірлер

Алматы маңында қару-жарақ қоймасы табылды

Полиция үш күдікті қамауға алынғанын хабарлады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Алматы қаласына жақын жерде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

"Қарасай ауданында ұрланған қару-жарақтың құпия қоймасын анықтадық. 1993, 1994 пен 1996 жылдары туған үш ер адам ұсталды. Олардың "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды. Бұл қылмыс 5 қаңтарға қараған түні жасалды", - деді Әбдірахманов.

Полицейлер үш иір ойықты және үш тегіс ұңғылы мылтық, винтовка, аңшылық жиынтығы бар шабадан мен иыққаптарды тәркіледі. Күдіктілер бәрін ұсталған ер адамның біреуі тұратын жеке меншік үйдің ауласында көміп тастаған.
"Күдіктілердің бәрі өз кінәсін мойындап, қылмыс қалай жасалғанын айтты. Қазіргі кезде біз олардың басқа осы сияқтықылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Үшеуі де қамауға алынды", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.
Қаңтар оқиғасы
Бүлік кезінде екі оқ тиген полицей: әкімдікте бір қызметкерге 15-20 адам жабылды