НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті.
"Air Astana" компаниясының ұшағы 1 наурызда Польшаның Катовице қаласынан астана уақытымен сағат 15.44-те ұшып шықты. Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына ұшақ сағат кешкі тоғыздан кете қонды.
Қазақстандықтар Польшаның Катовице қаласынан Атырауға, одан кейін елордаға ұшып келді.
Бұл жолғы рейспен 120 ересек және 4 бала елге оралды.
Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару жұмысын жалғастырып жатқанын айта кеткен жөн.