НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде саяси кеңес құрамына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде партияның Саяси кеңес құрамынан бұрынғы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, тергеуге іліккен Павлодар мұнай-химия зауытының басшысы Оспанбек Әлсейітов шығарылды.
Сондай-ақ Саяси кеңес құрамына премьер-министр Әлихан Смайылов, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу кірді.